Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өсті

1258

Жекелеген несиелеуде қарыздардың ең үлкен көлемі тұтынушылық сегментке тиесілі. 

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өсті

Тамыз айының соңында банк секторынан экономикаға несиелер 13,05 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.

Жеке тұлғаларға берілетін қарыз көлемі бір жылда 21,7 пайызға өсіп, қазір 6,01 триллион теңгеге жеткен. Сондай-ақ, жекелеген несиелеуде қарыздардың ең үлкен көлемі тұтынушылық сегментке тиесілі. Мұндағы несие бір жыл ішінде 29 пайызға, яғни 3,8 триллион теңгеге дейін артқан.

Қазір елімізде азаматтардың несиелерін өтеу бойынша науқан жүріп жатқаны белгілі. Кей адамдар өз кредиттері бойынша ақпаратты біле алмай дал болуда. Осы орайда, еңбек министрлігі кешірілу тізімінде бар-жоғын тексеру бойынша 111 нөміріне хабарласуға болатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу