Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,1%-ға ұлғайды

Оның ішінде тұтынушылық қарыздар 2,0%-ға және ипотекалық қарыздар 1,3%-ға артқан.  

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер  2,1%-ға ұлғайды Фото: Атырау газеті

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің банк секторына кезекті шолуында жазылған.

"Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық  қарыздардың 2,0%-ға 8,1 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%-ға 4,9 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы сәуірде 14,9 трлн теңгені құрап, 2,1%-ға ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 5,5%-ға өсу)", – деп жазылған хабарламада.

Несиелік портфель сапасы тұрақты болып қалуда.

"2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша берешек мерзімінің өтуі 90 күннен асқан қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,5%-ын немесе 889 млрд теңгені (2023 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 815 млрд теңгені) құрады.

ШОБ есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі 3,1%-ды немесе 341 млрд теңгені, жеке тұлғалар портфелінде 4,0%-ды немесе 549 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 78,4%-ды құрайды (01.01.2023ж. – 76,9%)", – деп хабарлады агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу