Жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы өсті

Несие портфелінің сапасы біршама жақсарды.  

Жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы өсті

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, жеке тұлғалар берілген несиелер 2022 жылғы тамызда 2,9%-ға ұлғайып, 12,7 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жыл басынан бері көрсеткіш 18,7%-ға өскен. 

"Несиелердің өсуіне жеңілдетілген мемлекеттік ипотекалық бағдарламаларды іске асыруды жалғастыру нәтижесінде ипотекалық кредиттеудің 3,1%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғаюы, сондай-ақ тұтынушылық қарыздардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге бизнес мақсаттарға арналған қарыздар, 2,3%-ға 7,0 трлн теңгеге дейін өсуі себеп болды", – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Биылғы жылдың тамыз айында несие портфелінің сапасы біршама жақсарды. 

"Сонымен 2022 жылғы 1 қыркүйекте банк секторы бойынша NPL қарыздарының деңгейі бір айда 0,2 п.т. немесе 41 млрд теңгеге азайып, 787 млрд теңгені немесе жалпы несие портфелінің 3,6%-ын құрады. 2022 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіш 3,3% немесе 669 млрд теңге болған", – деп хабарлады агенттікте. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу