Жеке тұлғаларға салық рақымшылығы жасалады

1106

Былтыр 750 мың адамның 3 млрд теңге өсімпұлы кешірілді.

Жеке тұлғаларға салық рақымшылығы жасалады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлерге былтыр жасалған жеңілдік биыл да жасалатынын жариялады. 

Оның сөзінше, жеке тұлғалар негізгі қарызын өтеген болса, өсімпұл төлеуден босатылады. 

"Өздеріңіз білетіндей, 2019 жылы елімізде кәсіпкерлерге салық рақымшылығы жасалды. Сәйкесінше негізгі қарызын өтеген жеке тұлғалардан өсімпұл өндірілген жоқ. Осының нәтижесінде 750 мың адамның құны 3 млрд теңгені құрайтын өсімпұлы кешірілді. Биыл жеке тұлғалар үшін салық рақымшылық ұзартылды. 2 шілдеде тиісті заң қабылданды. Рақымшылық салықтың 3 түрін қамтыды. Атап айтқанда мүлікке салынатын салық, жер салығы және көлік құралының салығы", – деді Руслан Дәленов.

Министрдің мәлімдеуінше, өсімпұлдан құтылу үшін азаматтарға өтініш жазу қажет емес. Негізгі қарыз өтелген болса, өсімпұл салық органдарының есептік жүйесінен автоматты түрде өшіріледі. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу