Жеке тұлғаның тұрғын үйін кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізіледі

954

Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын, бизнес пен азаматтарды қолдау жөніндегі бастамаларды, салықтық әкімшілендіруді жақсарту жөніндегі шараларды, оның ішінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды іске асыру мақсатында әзірленген Заң жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Жеке тұлғаның тұрғын үйін кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізіледі

Заң жобасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.

Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мәліметіне қарағанда, аталған заң жобасының аясында: 
- шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50%-ын шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырған бизнес субъектілерінің тауарлардың экспорты кезінде 80 пайызға дейінгі мөлшерде ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтаруды жүргізу; 
- салық төлеушінің паспортын енгізу; 
- Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасын орындау мақсатында ең төмен жалақыны есептік көрсеткіш ретінде оны ең төмен есептік көрсеткішке (АЕК) ауыстыру жолымен пайдалануды алып тастау; 
- салық төлеушілерді жеке тұлғаларды алдағы төлемдер мен салықтық қарыздар туралы, оның ішінде банктердің мобильдік қосымшалары және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ арқылы хабардар ету; 
- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жүк көтергіштігіне қарай жүк автомобильдері үшін белгіленген мөлшерлемелер бойынша жекелеген көлік құралдарына салықты есептеу құқығын беру; 
- салықтарды төлеу бойынша бір жылдан астам мерзімге тек жылжымайтын мүлік кепілімен немесе банк кепілдігімен бөліп төлеу ұсынылады. Жеке тұлғаның тұрғын үйін кепіл ретінде қабылдауға шектеу енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу