Ақтөбе қаласының тұрғындарына үй салатын жер беруге мораторий жарияланды. Әкімдіктің сөзінше, мұндай шектеуге қала билігі шарасыздықтан барып отыр. Өйткені, ауыл тұрғындары облыс орталығына жаппай қоныс аударуда.
Бұған дейін кезекте тұрған 22 мың ақтөбелік 10 сотық жер алған. Оның 3,5 мыңына ғана инженерлік желісі бар жер телімі тиген. Қалғандарына коммуникация тартылмаған.
Халықтың өсуі балабақшалар мен мектептердің жетіспеуі мен жұмыссыздыққа әкелуде. Шенеуніктердің сөзінше, жер теліміне мораторий ішкі миграцияны уақытша шектейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу