Жеке тұрғын үй құрылысына 370 учаске бөлінеді

715

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Жеке тұрғын үй құрылысына 370 учаске бөлінеді

Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары шеңберінде 200 мың шаршы метр кредиттік баспана салу көзделіп отырғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жағдайын жақсарту мақсатында құны 84,9 млрд теңгеге тұрғын үй, инженерлік-коммуникациялық және жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 37 іс-шара іске асырылады. 50 шақырым магистралдық және квартал ішіндегі жылу желісі салынады және қайта жаңартылады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Министрдің мәлімдеуінше, кешенді жоспар аясында 200 мың шаршы метр кредиттік және жалға берілетін тұрғын үй бой көтереді. 

"Жеке тұрғын үй құрылысы үшін 370 учаске бөлінеді. Қалада 104,7 текше метр сумен жабдықтау және су бұру желісі, 32,5 шақырым су құбыры желісі және 2 тазарту сорғы станциясы салынады", – деді Әсет Ерғалиев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу