Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін учаскенің 1 шаршы метрі 90 мың теңге болмақ

1090

Жеке тұрғын үй құрылысына берілетін учаскенің 1 шаршы метрі 90 мың теңге болмақ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов жеке тұрғын үй құрылысына учаскелерді бөлу жұмыстарын сынға алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рүстем Раисовтың айтуынша, Ақсуда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым 412 учаскеге тартылған. Енді бұл жер телімдерін жылдың соңына  дейін тұрғындарға үйлестіру керек.

"Біз 36 учаске ұсындық, - деді Рүстем Райысов. – Қазіргі таңда тізімдермен жұмыс істеп жатырмыз. Жеке тұрғын үй құрылысына кезекте тұрған 350 адамның 12-сі қайтыс болған, 11-і республикадан тыс жерлерге көшіп кеткен.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсембинов қазіргі таңда ЖТҚ үшін үш типтік жоба әзірленгенін атап өтті. Бүгінгі күні құрылыс материалдарын жабдықтаушылар мен мердігерлердің арасында келісім жүргізілген.

"Бізде 120 шаршы метрге үш жоба бар, - деді Нұрлан Дүйсембинов. – Бір шаршы метрі 90 мың теңге тұрады. Баспана бірінші әрлеу күйінде тапсырылғандықтан, осындай баға  белгіленіп отыр. Үйдің ішіне аралықты және жөндеу жұмыстарын меншік иесі өзі жасайды".

Еске сала кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасы  аясында архитектуралық шығармашылық бойынша құрылысқа түзетулер енгізілген. Осыған сәйкес Ақсу қаласының 14-15 шағын аудандарында эконом классты үйлер салып, коттедж қалашығына айналдыру жоспарланған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу