Жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды

1059

Жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды

Мемлекеттік бағдарламаның "Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды қолдау" деп аталатын екінші бағытын жүзеге асыру аясында биыл тұрғын үй салатын 60 мың жер учаскесін инженерлік-коммуникациялық желімен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлайды Вnews.kz.

"Тиісті желілер тартылған ең көп жер учаскелерін беруді Маңғыстау (15759 учаске) және Ақтөбе (11732 учаске) облыстарының әкімдіктері жоспарлап отыр. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 23,5 мың учаске инженерлік желімен қамтамасыз етілді. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді желілермен қамтамасыз етуге көзделген қаражаттың сомасы 45,5 млрд. теңгені құрайды",- деп атап өтті министр.    

Осы бағыттың аясында биыл 4 облыс орталығында бірыңғай сәулеттік стильде жеке тұрғын үй құрылысының пилоттық жобасын іске асыру басталды. Алаңы 136,9 мың шаршы метр 1193 үй салу жоспарланған.

Ақтөбе облысында – 423 үй (2017 жылы - 194, 2018 жылы - 229); Қостанай облысында - 270 үй (2017 жылы - 100, 2018 жылы - 170); Солтүстік Қазақстан облысында - 200 үй (2017 жылы - 72, 2018 жылы – 128); Жамбыл облысында – 300 үй (2018 жылы іске қосылады). 

Министрлік осындай тұрғын үйлерді салу үшін 6 үлгілік жоба әзірлеп, оны қолдану үшін өңірлерге ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу