2023 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 342 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,2%-ға көп.
2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға артық.
Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (105,4%-ға немесе 467 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (22,6%-ға немесе 383 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы сәуірде 84,2 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 4 айда барлығы 322,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.