Жекеменшік балабақша иелері мемлекеттік тапсырыс ақысын өсіруді сұрайды

608

Қостанай облысында жекеменшік балабақша иелері мемлекеттік тапсырысқа бөлінетін қаржы көлемін ұғайтуды сұрайды. 

Жекеменшік балабақша иелері мемлекеттік тапсырыс ақысын өсіруді сұрайды Фото: adyrna.kz

Бүгінде бір балаға 46 мың 180 теңгеден төленеді. Кәсіпкерлер 60 мыңға өсірсін деп өтініш тастаған. Әйтпесе, мемлекеттік тапсырыстан бас тартпақ. 

Облыстағы мектеп жасына дейінгі балғындардың жартысы жекеменшік балабақшаға барады. Яғни, 44  ұйымда 5 жарым мыңға жуық бүлдіршін тіркелген. Олардың шығыны мемлекет есебінен өтеледі. Бірақ білім басқармасының талаптарын орындауға бұл ақы жетпейтін көрінеді.

"Жан басына 46 180 теңге төлейді. Бұл аз. Біз қаржыландыру әдістемесіне талдау жасағанда жалақы толық төленбейтінін анықтадық. Мысалы, музыка, дене шынықтыру пәнінің ұстаздары мен медициналық қызметкердің еңбекақысы қосылмаған. Ал, бұл мамандар талап бойынша штатта болуы міндетті. Ұстаздардың кәсіби санаты үшін берілетін қосымша ақы да қарастырылмаған", дейді Балабақша меңгерушісі Ирина Сәдуақасова.

Кәсіпкерлер сөзінше, сондай-ақ техникалық жабдықтарды жаңалау, өрт қауіпсіздігі мен жөндеу шығындарына бір тиын да бөлінейді. Мұның бәрін балабақша иесі өз қаржысына жасауы тиіс. Сондықтан, бір бүлдіршінге 60 981 теңге бөлінуі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса мемлекеттік тапсырыстан бас тартуға мәжбүр. Мұндай өтінішті Білім басқармасына жіберген.

"Біз бірнеше рет Оқу-ағарту министрлігіне хат жолдадық, әдістемеге өзгеріс енгізілсін дегендей.  Бұл әдістемелікке өзгерту енгізу тек қана біздің жағымыздан ғана қаралып жатқан жоқ, бұл жоғары да министрлік тарапынан, сенатта қаралып жатыр", дейді Облыстық білім басқармасының бас маманы Бағила Ибрагимова.

Жекеменшік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс бойынша ақы төлеудің әдістемесі осыдан 10 жыл бұрын енгізілген. Содан бері айлық есептік көрсеткіш өсімі бойынша қайта есептеулер жүргізіліп отырған. Ал, коммуналдық төлемақы мен азық-түлік қымбатшылығына орай тариф бір де бір рет  өзгертілмеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу