Бюджеттен бөлінетін қаржы тіптен жетпейді деп хабарлайды Atameken Business.
Бүгін жекеменшік балабақшалар үкіметке осындай наразылығын білдірді. Қазір елімізде олардың саны 3700-ден асып жығылады. 80 пайызы меншік нысанды жалға алып ісін дөңгелетіп отырғандар. Айтуларынша мемлекет берген қаржының 50 пайызы жалға кетеді.
Миллиондаған несиелерді айтпағанда, қызметкерлердің жалақысын төлеу қиындаған. Салдарынан жылдар бойы оқып-тоқытқан мамандар жаппай жұмыстан шығуда.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу