Жекеменшік балабақшалар субсидияға өтінімді ақпан айынан бастап бере алады

2296

Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді.

Жекеменшік балабақшалар субсидияға өтінімді ақпан айынан бастап бере алады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен балабақшалардағы кезекті едәуір төмендету мақсатында жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жеке балабақшалардағы тәрбиеленушілердің тамақтануына жұмсалатын шығындарды өтеу жоспарлануда. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. Субсидия сомасы – 18 900 теңге.

"Қабылдау ақпан айының басында басталады. Қаражат өтінімдердің түсуіне байланысты анықталады. Қанша орын анықталса, сонша орынға қаржы бөлінеді", - деді спикер.

Қазіргі уақытта 397 жекеменшік балабақшада мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған. Бұл бір балаға айына – 28 мың теңге. Сонымен қатар, тамақтану үшін 18 900 теңге қосымша субсидия.

Ләззат Жылқыбаева атап өткендей, жеке ұйымдардың бағдарламаға қатысуы үшін келесі талаптар бекітілуі мүмкін:

1. мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасының мектепке дейінгі тәрбие саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігі, яғни санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс;
2. тамақтану және қосымша білім алу үшін ата-ананың ақы төлеу жиынтығы айына 60 мың теңгеден аспауы тиіс;
3. ата аналардың қанағаттанушылығының жоғары деңгейі - бұл жұмыс ата-аналарға онлайн-сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу