Жекеменшік балабақшалардың бағасы бақылауға алынды

2668

Шенеуніктер кәсіпкерлерге қаржының жұмсалуы бойынша ашық әрі толық есеп беріңдер деген талап қойды.

Жекеменшік балабақшалардың бағасы бақылауға алынды

Қарағанды қаласының әкімдігі жекеменшік балабақшалардың бағасын бақылауға алды.  Себебі ана-аналар мектепке дейінгі білім беру мекемелері қосымша ақша сұрап, мазалайтынын айтып, әкімдікке шағым түсіре бастапты.

Облыс орталығында 109 балалар бақшасы мен шағын орталық болса, оның 58-і мемлекеттік, 51-і мемлекеттік тапсырыс орындайтын жекеменшік мекеме. Бүгінде аймақта бір балаға айына 11 мың теңге төленсе, қалалық әкімдік қазынасынан қосымша 27 мың теңге бөлінеді. Мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі шамаман 2 миллиард теңгеге жуық. Алайда, жекееншік балабақшалардың иелері бұл соманың аз екенін алға тартып, бағаны көтеруді сұрап отыр. Өз кезегінде шенеуніктер кәсіпкерлерге қаржының жұмсалуы бойынша ашық әрі толық есеп беріңдер деген талап қойды.

Мамандардың айтуынша, Қарағанды қаласында балабақшада орын н жетіспеушілігі жоқ. Дегенмен, жылдан жылға халық санының артуына байланысты мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметіне сұраныс артып отыр. Сол себепті жеке меншік балабақшалардың жұмысына қатаң бақылау жасалмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу