Жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады

405

Өтінімді astanahub.com сайты арқылы беруге болады.

Жекеменшік IT-мектептер мамандар даярлау үшін ваучерлер алуға өтінім бере алады

Tech Orda бағдарламасы бойынша барлығы 600 мың теңгеге дейін 3 мың ваучер бөлінеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат мусин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Өткен жылы біз осы бағдарламаны пилоттық жоба ретінде өткізіп, ол кезде біз 13 жекеменшік IT-мектепті қаржыландырдық, 100 студент білім алды. Әр студентке ваучер 600 мың теңгені құрады.
Биыл біз бұл жұмысты жалғастырамыз, бірақ ваучерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз.
IT-мамандарды даярлау мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында: Президент 2025 жылға қарай кемінде 100 мың білікті IT-мамандарды даярлау міндетін қойған болатын. Олардың 20 мыңын біз Astana Hub Технопаркімен бірлесе отырып даярлайтын боламыз",- деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ведомство басшысының айтуынша, Tech Orda бағдарламасы қазақстандықтар үшін сапалы IT-білімді тегін алудың бірегей мүмкіндігі.

"Жеке IT-мектептерден өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйекте басталады. Жеке IT-мектептерді бағдарламаға қатысуға және белсенді өтінім беруге шақырамын!",- делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу