Жекеменшік мектепте оқитын әлеуметтік осал топтағы балалар ақшалай көмектен қағылып отыр

141

Меншік нысанына қарамастан халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы барлық балаға тең көмек көрсету ұсынылып отыр.

Жекеменшік мектепте оқитын әлеуметтік осал топтағы балалар ақшалай көмектен қағылып отыр Фото: smartnews

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Құжаттың мақсаты –  жобасын қабылдаудың мақсаты Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ құқықтық олқылықтар мен коллизияларды реттеу болып табылады.

"Қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарлама жасау тәртібі енгізіледі. Бүгінде орта және техникалық кәсіптік білім беру лицензияланады, мектепке дейінгі білім беруде хабарлама жасау тәртібі қолданылады. Алайда, қосымша білім беру жүйесінде лицензиялау немесе хабарлама жасау тәртібі бүгінгі күнге дейін қолданылмай келген. Осыған орай қосымша білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында заң жобасында қосымша білім беру ұйымдарына хабарлама енгізу тәртібі ұсынылады", – деді министр.

Бұдан басқа жеке мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде әлеуметтік көмек көрсету көзделіп отыр.

"Қазір мемлекеттік мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 500 мыңнан астам балаға жалпыға міндетті білім беру шеңберінде тамақтанумен қамтамасыз ету және киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі. Бірақ та, жеке меншік мектептерде оқитын бұл санаттағы 25 мыңнан астам бала әлеуметтік көмек ала алмауда. Осыған орай, меншік нысанына қарамастан халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы барлық балаға тең көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтілуде", – деді Ғани Бейсембаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу