Жекеменшік мектептер әлеуметтік осал отбасылардың балаларына көмек көрсетеді

ҚР Парламенті Мәжілісінде ұсынылған жаңа заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсетуді енгізу көзделген, деп хабарлайды inbusiness.kz.   

Жекеменшік мектептер әлеуметтік осал отбасылардың балаларына көмек көрсетеді Фото: freepik.com

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Білім вице-министрі Еділ Оспан "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды тәрбиелеу және қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын таныстырды".

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Заң жобасында жекеменшік мектептерде әлеуметтік осал отбасылар санатындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу көзделген. Бүгінгі таңда мемлекеттік мектептерде халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 465 мың балаға жалпыға бірдей білім беру аясында киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдары, азық-түлік сатып алу түрінде көмек көрсетіледі. Алайда, жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал топтағы отбасылар санатындағы 25 мың балаға әлеуметтік көмек көрсетілмеген. Әлеуметтік осал топтағы отбасылар санатындағы барлық балаларға көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың меншік нысанына қарамастан барлық мектептерде көмек көрсету құзыреті енгізілуде", – деді Еділ Оспан.

Тұсаукесер барысында вице-министр заң жобасындағы басқа да жаңалықтарға тоқталды. Олардың қатарында "патронатты кәсіпқой отбасы" мекемесін енгізу, қосымша білім беру ұйымдарын хабардар ету тәртібін енгізу, академиялық ұтқырлықты енгізу бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу