Қазақстандағы жекеменшік мектептер бюджеттен қаражатты толық көлемде алып келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар оқу қызметтеріне жоспарлы төлем жасалып, мектеп инфрақұрылымына "жаңғырту және салу" жаңа бағыты бойынша тиісті қаражат бөлініп жатқанын атап өткен жөн. 2025 жылы (қыркүйек-желтоқсан) аударылған қаражаттың жалпы сомасы 73,8 млрд теңгеге жетті (бюджет қабылдаған міндеттемелердің 94%).
Жекеменшік мектептерге қаражат бөлу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі оқу орындарының тапшылығын жою жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін айта кетейік.
Қажетті ақшаны бөлуге арналған OrtaBilim жаңа сервисі Қазақстанның барлық өңірін қамтып отыр. Мәселен, OrtaBilim деректеріне сүйенсек, 30 желтоқсандағы жағдайға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік инвестицияларды игеру жағынан көш бастап тұр (4 жергілікті жекеменшік мектептің шоттарына шамамен 0,5 млрд теңге аударылды). Екінші орыннан Ақмола облысы көрінді – 0,3 млрд теңге (6 мектеп), үшінші орынды Қарағанды облысы тәмамдап тұр – 0,7 млрд теңге (15 мектеп).
Жекеменшік мектептерді қаржыландырудың ең төмен көлемі Қызылорда облысында тіркеліп отыр, өңірде биыл 39 мектептің ішінен тек 2 мектеп қаржыландырылмақ.
Осы ретте мектептер, бюджет және өтінімдер бойынша барлық статистика OrtaBilim сервисінің сайтында бар екенін айта кеткен орынды.
OrtaBilim цифрлы сервисі аз уақытта әзірленіп, қарашаның ортасында білім беруді қаржыландыру ісінде (жүргізілген тексерулер мен аудиттерден кейін) анықталған кемшіліктерден кейін іске қосылды. Атап айтқанда, кейбір мектептер талапқа сай келмейтін жерлерде оқу процесін өткізгені әшкереленді. Бұға қоса мұғалімдердің арасында "өлі жандар" (қағаз жүзінде ғана тіркелген қызметкерлер) табылып, бір оқушының бірнеше мектепте "білім алып" жүргені анықталды.
OrtaBilim сервисі отандық IT компания – Қаржы министрлігіне қарасты "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен) өнімі. Бұл орталық қызметі бұрыннан жолға қойылған қазақстандық IT компаниялардың бірі. Ақпараттық-есептеу орталығы 1993 жылы 2 қарашада ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен құрылған болатын.
"АЕО" АҚ-ның барлық платформасы мен сервистері деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуына байланысты аттестаттаудан уақтылы өтеді.