Жекеменшік пен мемлекеттік клиникалардағы екпенің сапасы бірдей – Берік Шәріп

851

"СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы елдегі вакцина сапасы туралы айтты

Жекеменшік пен мемлекеттік клиникалардағы екпенің сапасы бірдей – Берік Шәріп

Еліміздегі дәрі-дәрмектің бірыңғай дистрибьюторы "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Берік Шәріп әлеуметтік желідегі "Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды" айдарына тікелей эфирге шығып, қазіргі таңда халық арасында жиі талқыланатын вакцина сапасын сөз етті.

"Жалпы бізде 20 иммундық-биологиялық препарат бар. Олардың 9-ы – міндетті вакцина. Вакциналарды екі жолмен сатып аламыз: бір тобын БҰҰ-ға қарасты ЮНИСЕФ арқылы алсақ, екінші тобын тендер өткізіп, ірі өндірушілерден тікелей сатып аламыз. Вакциналардың сапасы жіті қадағаланып отырады. Әлемнің көптеген мемлекетінде қолданылатын бұл екпелерді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) тексерді. Олар жеткілікті дәрежеде қауіпсіз. Біз сатып алатын 9 вакцина да ДДҰ талаптарына және халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай. Жекеменшік және мемлекеттік клиникалардағы екпенің сапасында айырмашылық жоқ екенін айтқым келеді. Егер сапасы талапқа сай келмесе, елге кіргізбейді. Олардың арнайы сертификаттары болады. Екпелердің сапасын біз де тұрақты түрде қоймаларда да тексеріп отырамыз", – деген Берік Шәріп вакциналар халыққа жеткенше әртүрлі ұйымдар мен мекемелерде біршама тексерістен өтетінін мәлім етті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу