Жекешелендірілетін ұйымдар мен кәсіпорындарды сату кезінде ондағы қызметкерлер жұмысынан айырылмайды. Әлеуметтік нысандарды жеке қолға өткізу кезінде жасалатын келісімге жұмысшылардың орындарын сақтап қалу жөнінде міндеттемелер енгізілмек.
КСМ: Бұл жайлы халыққа есеп беру кездесуінде еліміздің қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Сондай-ақ жекешелендіруден түскен қаражат бюджетке емес,ұлттық қорға түсетіні белгілі. Жалпы биыл 496 нысан, келер жылы 89-ы сатылады деп жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу