2020 жылы жекешелендіру аясында 101,1 млрд теңгеге 12 нысан сатылды. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Министр өткен жылы жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары аяқталғанын атап өтті.
"2020 жылы 101,1 млрд теңгеге 12 объект сатылды. Нәтижесінде мемлекеттің экономикадағы үлесі соңғы 5 жылда ЖІӨ-ге қатысты 19,1%-дан 15%-ға дейін қысқарды. Жекешелендіру рәсімдерін оңайлату мақсатында былтыр тиісті заңнамалық актілер қабылданды", - деді Ерұлан Жамаубаев халыққа есеп беру кездесуінде.
Дәурен Ерболат
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        