Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомство басшысы жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 658 объектіні сату көзделгенін атап өтті.
“Есепті кезеңде 307 млрд теңге сомасына 372 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. 33 нысан сатуға қойылды. 64-і қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілсе, 189-ы сату алдындағы дайындықта тұр”, - деді Ерұлан Жамаубаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу