Жекешелендіруден түскен қаржы толықтай ұлттық қорға құйылады

938

Жекешелендіруден түскен қаржы толықтай ұлттық қорға құйылады

Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттік нысандарды жекешелендіруден түскен қаржы толықтай ұлттық қорға салынады. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Жекешелендіруден алынған кіріс бюджетке емес ұлттық қорға түсетін болады. Бұл ұлттық қорды толықтырудың тағы бір көзі", - деді ол кездесу барысында қойылған сұраққа жауап бере келе. Министрдің айтуынша, мемлекеттік нысандарды жекешелендіруден түсетін қаржының көлемі үлкен емес. Қазіргі уақытта оның нақты көлемін айту қиын. Дегенмен, ол бірнеше миллиард теңге көлемінде болады.

"Қазіргі уақытта жекешелендіру бағдарламасы аясында сатылатын 585 ұйым қалып отыр. Оның 496-сын 2017 жылы, ал 89-ын 2018 жылы сату жоспарланған. Ірі компаниялары сату мәселесі тұрақты негізде Қазақстан экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырыстарында қаралады", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу