Жекешелендіруден түскен табыс тікелей Ұлттық қорға бағытталу керек

724

Президент мемлекеттік активтерді жекешелендіруден түскен табыс болашақ ұрпақ үшін жиналу керек екенін айтты.

Жекешелендіруден түскен табыс тікелей Ұлттық қорға бағытталу керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, мемлекеттік активтерді жекешелендіруден түскен табыс тікелей Ұлттық қорға бағытталу керек. 

"Активтерді жекешелендіруден түскен қаржы болашақ ұрпақ үшін тікелей Ұлттық қорға бағытталу керек. Ұлттық компанияларда балама қор жасау арқылы Ұлттық қор қызметін қайталауды болдымау қажет",– деді мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар ол, үкімет демонополиялауға нақты шара қолданып, нарыққа жаңа кәсіпкерлер кіру үшін әкімшілік және экономикалық тосқауылдарды алып тастау керек екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу