Ақтөбеде де бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Жекпе-жек сарайы салынды, деп хабарлайды 24.kz.
Халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар өткізуге арналған нысанды өңірдегі ірі құрылыс компаниясы өз қаржысына тұрғызған.
Кешен "Туған жер" республикалық форумы кезінде ашылды. Аумағы 6 мың шаршы метр болатын зәулім сарайында бокс, дзюдо, еркін күрес және тағы да басқа жекпе-жек түрлерінен сайыстар ұйымдастырылады. Ол үшін бар жағдай жасалған. Жаттығу залы мен спорт үйірмесінен бөлек, сырттан келетін спортшыларға асхана мен демалыс бөлмесі де қарастырылған. Ал спорттық сайыстарды 800-ге жуық көрермен тамашалай алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу