Қазақстанда күннің ыстық болуына Ирак және Иран аймағынан үздіксіз түсіп жатқан ыстық және құрғақ ауа себеп болып отыр, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Демалыс күндері республиканың көптеген облыстарында максималды температурасы 35…40°С болатын ыстық күтіледі.
Қазақстанның оңтүстігінде бұдан да ыстығырақ, мұнда күндіз плюс 40…45°С. Шығыста аздап салқындау, кейбір аудандарда өткінші жаңбыр болуы мүмкін және күндізгі температура плюс 25 до 35°С-тан жоғары.
Сондай-ақ Қазақстанның қиыр батысында атмосфералық фронттардың өтуімен кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр және ыстықтың басылуы болжанады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу