Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

681

Қазгидромет 6 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жексенбі күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, қар жауады

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр және қар түрінде), ҚР оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, солтүстік-батыста жел жаяу бұрқасынмен, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – көктайғақ күтіледі.

Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, күндіз оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу