Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауады

768

Жексенбі күні еліміздің бірқатар өңірінде жауын жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 14 мамыр күні елдің  басым аймағында тұрақсыз күн райы сақталады.  Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ тұман мен желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Жауын-шашынсыз ауа райы тек батыста болжанады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейетіні күтіледі, Қызылорда облысында шанды дауыл болады, Қарағанды облысының жекелеген аумақтарында бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу