Жексенбіде Ресей Украинаның шығысында 400-ге жуық соққы жасады

528

Украина президентінің айтуынша, ең ауыр шайқас Донецк облысында жүріп жатыр. 

Жексенбіде Ресей Украинаның шығысында 400-ге жуық соққы жасады Фото: РБК

В.Зеленский өзінің бейнеүндеуінде Ресей әскерлері украин позицияларына артиллериялық соққылар жасауды жалғастыруда, жексенбі күні елдің шығыс аймақтарында ғана 400-ге жуық жағдай тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Америка дауысы" сайтына сілтеме жасап.

Осы айда Ресей өз әскерлерін Херсоннан шығарып, оларды Донецк пен Луганск облыстарының шығыс аймақтарындағы позицияларды нығайту үшін көшірді.

"Ең ауыр шайқас әдеттегідей Донецк облысында жүріп жатыр. Бүгінгі ауа-райының суытуына байланысты шабуылдар азайғанымен, ресейлік соққылардың жалпы саны қысқармай отыр. Луганск облысы бағытында баяу болса да, алға жылжып келеміз. Таң атқалы бері елдің шығысында 400-ге жуық артиллериялық соққылар жасалды", - деді Украина президенті.

Киев сенбіде елдің оңтүстігінде артиллериялық соққыдан шамамен 60 ресейлік әскер қаза тапты деп мәлімдеді.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу