Ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Қарағанды облысының шығыс жартысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының басым бөлігінде, Алматы облысында жоғары өрт қаупі сақталады.