Жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

2873

Жел күшейіп, шаңды дауыл соғады

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерде найзағайлы жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады, тек еліміздің батысында ғана күн райы ашық болады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей тұстарында найзағай жарқылдап, қатты жел болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.  Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде  найзағай, дауыл, бұршақ қатар келеді. Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты ыстық сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу