"Жел тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады": 15 тамызға арналған ауа райы болжамы

158

Республика бойынша тән ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. 

"Жел тұрады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады": 15 тамызға арналған ауа райы болжамы Фото: Экспресс газета

Синоптиктер алдағы бейсенбіде, 2024 жылдың 15 тамызында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. 

"Фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі және дауыл тұрады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады... Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Түркістан облысының шөлейтті аудандарында қатты ыстық болады", - делінген "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасында.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау және Жетісу өңірлерінің шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік, шығыс, орталық бөліктерінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, Алматы облысының оңтүстік жартысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Ақтөбе өңірінің оңтүстігінде, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу