"Жел, жаңбыр аралас қар": Алдағы күндері ауа райы қандай болады

73

"Қазгидромет" РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жел, жаңбыр аралас қар": Алдағы күндері ауа райы қандай болады Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның әсерінде болады. Ол еліміздің басым бөлігінде жаңбыр мен желдің күшеюін тудырады. Тек 30 қазанда солтүстік пен орталықта, 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік өңірлерде де атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, ал таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп болжанады.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі: күндіз батыста +5…+10°С, солтүстік пен орталықта +2…+10°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +8…+17°С, шығыста +8…+18°С шамасында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу