"Железнодорожный" елді-мекенінде алғашқы тұтынушы газға қосылды

477

"Железнодорожный" елді-мекенінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.  

"Железнодорожный" елді-мекенінде алғашқы тұтынушы газға қосылды

11 қарашада алғашқы тұтынушы газға қосылды. Тұтынушыларды кезең-кезеңмен қосу шаралары басталды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Газбен жабдықтаудың ішкі желілерін жүргізген тұрғындар газ қосу үшін, Республика даңғылы 24, "Парасат" БО мекенжайындағы "ҚазТрансГаз Аймақ"АҚ кеңсесіне жүгіну қажет.

Сондай-ақ, "Промышленный", "Көктал-2", "Агроқалашық" елді-мекендерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды, сығымдау жұмыстары жүргізілуде. Қосылу осы жылдың желтоқсан айына дейін жоспарланған.

Жыл соңына дейін "Көктал-1" елді-мекені тұрғындары газға қосыла алады.

Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінген, тұрғын үй алаптары кезең-кезеңімен газға қосылатын болады. Газдандыру экологияны жақсартуға және тұрғындар денсаулығына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.

Айта кетсек, бір текше метр газдың бағасы 45 теңгеден 34,6 теңгеге дейін төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу