Желге ұшқан 2,6 млн еуро: Семейде қоқыс сұрыптау жобасы іске аспай қалды

173

Жобаны облыстық прокуратура тексеріп жатыр.

Желге ұшқан 2,6 млн еуро: Семейде қоқыс сұрыптау жобасы іске аспай қалды Фото: inbusiness.kz

Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Семейде қоқысты сұрыптау және бөлек жинау жобасына қатысты тексеріс жүргізуде. Облыс прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы басталған жобаны қала әкімдігі мен Экология министрлігі қолға алды. Алайда жобаны іске асыру кезінде қиындықтар туындады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

— Шетелдік компания 2,6 млн еуроның құрал-жабдықтарын жеткізген. Бірақ әкімдік өз міндеттемелерін орындамай, жабдықтарды орналастыратын ангарды салмаған. Соның салдарынан қымбат құрал-жабдықтар екі жылдан астам пайдаланылмай, ашық жерде сақталды. Бұл оның бүлініп, кепілдігінің жоғалуына әкеліп соқты, — делінген хабарламада.

Осыған байланысты прокуратура ҚР ҚК-нің 371-бабы 1-бөлігі (салақтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әкімдік те жобаны аяқтау үшін тиісті шараларды қабылдап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу