Желіде домбыраны "харам" деп айтқан ақтөбелік ұсталды

650

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Желіде домбыраны "харам" деп айтқан ақтөбелік ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Желіде домбыраны "харам" деп айтқан Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрметті Қазақ елі, домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Қазақстан ханафи мазхабын ұстанатындықтан, шариғат бойынша ішекті аспаптар, гитара, домбыра  – бәрі "харам" болып есептеледі", – деді ер адам желіде тараған бейнежазбада.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Тергеу дерегіне сәйкес күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікір жариялаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу