Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады.
"Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция өкілі.
Сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қарағандыда ер адам кәмелетке толмаған балаларының көзінше бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу