Желіде еуропалық басшылардың пойызда "есірткі қолданғаны" жөнінде ақпарат тарады

578

Париж бұл фейкке қатысты пікір білдірді. 

Желіде еуропалық басшылардың пойызда "есірткі қолданғаны" жөнінде ақпарат тарады Фото: press.lv

Франция, Германия және Ұлыбритания басшыларының Киевке пойызбен сапары кезінде "есірткі қолданғаны" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Euronews агенттігінің жазуынша, бұл Ресей тарапынан жүргізіліп жатқан дезинформациялық науқанның бір бөлігі болуы мүмкін. 

Әлеуметтік желілерде тараған видеода Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц пен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармердің пойызда отырған сәті бейнеленген. Бұл олардың Киевке сапары барысында түсірілген. 

Кейбір қолданушылар бұл бейнежазбада Макронның бокалының жанында "кокаин салынған пакет" тұрғанын, ал Мерцтің алдында "арнайы қасық" бар деп болжам жасаған. Бірақ та, сапасы жоғары видеода Макронның қолданылған майлықты алып тастағаны, ал "қасықтың" кофе араластыруға арналғаны анық көрінеді.

Франция билігі желіде таралған айыптауларды негізсіз деп атады. Германия үкіметі де бұл мәлімдемелерді жоққа шығарды. Ұлыбритания үкіметі осы мәселеге байланысты Euronews-тің сұрауларына әлі жауап бермеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу