Желіде гректердің болжамы қызу талқыланып жатыр

1728

Ертең 00.35-те Афина қаласында футболдан Қазақстан және Грекия құрамалары 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.

Желіде гректердің болжамы қызу талқыланып жатыр Фото: Ерсін Ерік

Қазір ұлттық құрама ойыншылары Грекияда. Дайындықтарын пысықтауда.

Спорт комментаторы Ерсін Ерік ойын өтетін стадионның таблосындағы қызық болжаммен бөлісті. Бұл болжам желіде қызу талқылануда.

Айта кетейік, ойынға Нидерланды елінен Данни Маккели төрешілік етеді. Оған отандастары Хессел Стеегстра, Ян де Врис және Аллард Линдхаут көмекші болады.

Жеңген құрама 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен мықтыны анықтайды.

Жеңімпаз 2024 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу