И. Зуенконың айтуынша, бұл суретті қытайтанушы, "ДАТУН" Еуразиялық халықаралық жобалар орталығының директоры Андрей Царенко жеке архивінен тауып, бөліскен.
"Бұл шын мәнінде қымбат естелік! 1983/1984 оқу жылы Бейжің тіл институтындағы дәрісте отырған кеңестік тағылымдамашылар тобының фотосы. Бірінші қатарда сол жақ шетте – Андрей Витальевичтің өзі. Одан кейін екінші қатарда екінші отырған – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, қазіргі Қазақстан Президенті. (…) Өте ерекше әрі шынайы сурет. Топтың гендерлік және жас ерекшеліктерінен бастап, оқу аудиториясының ахуалына дейін айрықша бейнеленген. Нағыз қазына!", – деп жазды Иван Зуенко.