Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол сотталды

353

Оның сөздеріне лингвистикалық сараптама жүргізілген.  

Қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген Екатерина Бивол сотталды Фото: sportmk.ru

Ресейде боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты сот шешімі шықты. Тиісті ақпарат Санкт-Петербург қаласы сотының Telegram арнасында пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Санкт-Петербург қаласындағы Ленин аудандық соты Ресей Федерациясының ӘҚБтК-нің 20.3.1-бабы бойынша Екатерина Биволды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен оған 60 сағаттық міндетті қоғамдық жұмыстар түріндегі жаза тағайындалды", – делінген хабарламада.

24 желтоқсанда Ленин аудандық соты Екатерина Биволға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тіркеген болатын. Белгілі болғандай, 2025 жылғы 5 қарашада мониторинг кезінде Telegram арналардың бірінде Биволмен байланысты ақпараттық материал жарияланған. Оның айтқан сөздеріне жүргізілген лингвистикалық сараптаманың қорытындысы туралы да айтылған. 

"Оның мәлімдемелерінде ұлтқа, тілге және шығу тегіне қарай белгілі бір адамдар тобына, нақтырақ айтқанда "қырғыздар" мен "қазақтарға" қатысты теріс баға берілген. Ол қорлау мен бейәдеп сөздерге жол берген. Аталған бейнежазбада белгілі бір адамдар тобының екіншісінен табиғи (генетикалық) белгісі бойынша басымдыққа ие екендігі туралы айтылған. Бұл ақпараттық материал интернет желісінде 2025 жылғы 22 қазанда сағат 11:03-те жарияланды", – деп хабарлады сот.

Айта кету керек, бұған дейін Ресейде Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін екенін жазғанбыз. Бұған дейін ІІМ Екатерина Биволға қатысты іс бойынша Ресей полициясымен байланыс орнатқанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу