Желіде қазақтарды қорлаған қарағандылық әйел қамауға алынды

770

Оның елден қашып кетпек ниеті болған.

Желіде қазақтарды қорлаған қарағандылық әйел қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде қазақтарды қорлаған 22 жастағы Қарағанды тұрғыны қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында әлеуметтік желілерді пайдаланушы тарапынан ұлттық араздықты қоздыру фактісін анықтады.

"Аталған факті бойынша ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігі (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылықтың "Theads" әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздықтың белгілері бар жарияланым орналастырғаны анықталды. Тергеу органдарына күдіктінің елден тыс жерге кету ниеті туралы белгілі болды, осыған байланысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтініш қозғалды", – деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі.

22 шілдеде Қарағанды қаласының тергеу соты өтінішті қанағаттандырды, тергеу кезеңіне 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.

"Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу нәтижелері бойынша дәлелді процестік шешім қабылданатын болады", – делінген ресми хабарламада.

Белгілі болғандай, Алика Мухамадиева атты кәсіпкер әйел әлеуметтік желілерде таралған пікірлерде қазақтар мен мұсылмандарды қорлайтын сөздерге жол берген. Ол қазақтарды "мәмбет" деп атап, ал мұсылмандарды "шошқалар" деп мазақ еткен.

Бұл жағдай желі қолданушыларының ашуын туғызып, көпшілік әйелді ұлтаралық және діни араздықты қоздырғаны үшін жауапқа тартуды талап етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу