Желіде мектеп ішінде самокат тепкен оқушылардың видеосы тарады

209

Құзырлы орган жалған ақпарат таратпауды сұрады.  

Желіде мектеп ішінде самокат тепкен оқушылардың видеосы тарады Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желіде мектеп ішінде самокат пен велосипед тепкен оқушылардың бейнежазбасы тарады. Оқу-ағарту министрлігі бұл бейнежазбаның Қазақстан мектептеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видеода оқушылардың мектеп дәлізінде самокат пен велосипед тепкені бейнеленген. Олар білім ордасындағы қызметкердің ескертуін де елемеген. 

Редакция тілшісі осы жағдайға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство бұл видеоның Қазақстан аумағынан тыс жерде түсірілгенін хабарлады.

"Әлеуметтік желілерде аталған оқиға Түркістан облысындағы мектептердің бірінде болғаны туралы ақпаратпен бірге бейнежазба таралуда. Жүргізілген тексеру нәтижесінде бейнематериалдың Түркістан облысының білім беру ұйымдарына қатысы жоқ екені және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде түсірілгені анықталды. Әлеуметтік желі қолданушыларынан жалған ақпаратты таратпауды және ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу