Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу-Дабидегі фотосы тарады

307

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабиде (БАӘ) бой көрсетті.  

Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Абу-Дабидегі фотосы тарады Фото: Әлеуметтік желіден

Экс-президенттің фотосы әлеуметтік желіге тарады. Суретті New York University Abu Dhabi студенттері бөлісті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның бұрынғы президенті БАӘ-де 19 наурыздан бері жүргені белгілі болды. Ол жаққа шетелде оқитын ұлына барған.

Суретке қарағанда, Назарбаевтың жағдайы, көңіл-күйі жаман емес сияқты. Бұл - оның 2023 жылдың қысынан бері алғаш көрінген сәті. Ол кезде Нұрсұлтан Назарбаев бауыры Болат Назарбаевқа Астананың Бас мешітінде ас берген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу