"Желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді": Ардақ Назаров мәселе көтерді

765

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желіде Қазақстан туралы тіл тигізген азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді": Ардақ Назаров мәселе көтерді Фото: Altyn-orda.kz

"Қазір әлеуметтік желіде оттайтындар мен боқтайтындар көбейді. Кеше Түркістан облысының азаматы Сайрам ауданынан бүкіл Қазақ еліне және біздің Президентімізге тіл тигізді. Бұл азамат қазір шетелде жүр. Қазақ халқы бейбітшілік сақтап отырған елміз. Біздің елімізде тұрып жатқан азаматтар қазақ халқын басынбау керек. Біз момын халық емеспіз, байсалды халықпыз", - деді депутат Мәжіліс отырысында. 

Оның сөзінше, бұл азаматтың ата-анасы әлеуметтік желіде кешірім сұраған.

"Ертең ол азамат елге келетін болса, оны 30 күндік қоғамдық жұмысқа жегуге керек, керек болса бірнеше күн бас бостандығынан айыру керек. Өйткені бұл басқаларға сабақ болу керек", - деп толықтырды спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу