Желіде полиция офицерінің қызметкерді ұрып-соққаны түсірілген видео тарады

2471

ПД барлық фактілерді тексеріп, кінәлілерді жазалауға уәде берді. 

Желіде полиция офицерінің қызметкерді ұрып-соққаны түсірілген видео тарады

Әлеуметтік желіде азаматтық киім киген ер адамның полиция қызметкерін ұрған видео пайда болды. Сипаттамада бұл оның бастығы деп жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Видеода ақ футболкадағы Наурызбай аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Жақыпбаев Қанат Еркінұлы жекпе-жектен спорт шеберлігін қолданып, жас қызметкерлерді жүйелі түрде ұрып-соғады.  Департамент басшылары бұған көз жұмып қарайды, мен жұртшылықтың назарын аударуды сұраймын. Сондай-ақ, қасында криминалдық полиция бөлімі басшысының орынбасары Тұрымбетов Ерлік жас қызметкердің қолын қайырып, оған көмектесті", - делінген жазбада.

Бұл туралы Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді: "Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеру басталғанын хабарлайды, оның барысында бейнежазба зерттеліп, мән -жай анықталады. ПД Тәртіптік комиссиясы кінәлі адамдарға қарсы шара қолданады". 

Сондай-ақ, бейнежазба туралы Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов: "Бұл факті бойынша біз Алматы қалалық полиция департаментінде қызметтік тергеуді бастадық", – деген түсініктеме берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу