Желіде танысып, еркектерден ақша бопсалаған әйелдер ұсталды

3684

8 ер адам жапа шеккен

Желіде танысып, еркектерден ақша бопсалаған әйелдер ұсталды Фото: Polisia.kz

Қызылорда облысында жалған аккаунт арқылы ер адамдармен танысып, олардан ақша бопсалаған 3 әйел ұсталды, деп жазады inbusiness.kz ІІМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам сәуір айынан бастап белгісіз әйелдердің жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткенін айтқан. 

Ұұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы аталған іс бойынша облыстың үш тұрғынын ұстады. Олардың Facebook-те жалған аккаунт ашып, желіде абыройға нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпауы үшін ақы сұрағаны анықталды. 

"Бопсалаушылардан жалпы 8 тұлға жапа шекті. Бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленді. ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.  

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу