Желіде жәшікке бюллетень салудың ескі видеосы тарап жатқаны анықталды

531

Telegram арналарында бюллетеньдерді дауыс беруге арналған жәшікке салу барысы көрсетілген бейнеролик тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты stopfake.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Желіде жәшікке бюллетень салудың ескі видеосы тарап жатқаны анықталды

Бұған қоса, бейнежазбаның бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Бұл – жалған ақпарат.

"Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстандағы президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, заң бұзушылық Бақай ата ауданындағы №6071 учаскеде жасалған", – делінген ақпаратты тексерушілер каналында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу