Алматыда Джип пен КамАз жүргізушісінің ерегесіп, ауыр көліктің жеңілді жүргізушісіз тықсырып бара жатқаны түсірілген видео пайда болған еді. Әлеуметтік желілер арқылы таралып кеткен ақпаратқа сүйенсек, 28 жастағы КамАз жүргізушісі жол ережесін бұзған. Сөйте тұра кінәсін мойындамайды.
Екі адам ымыраға келе алмай, жүк көлігінің жүргізушісі жеңіл көлікте отырған балаларға қарамастан, Джипті 200-метрге дейін итеріп барған. Ал жеңіл көліктің егесі шарасыз күйде, жүгіріп жүр. Ал КамАз қарсы бағытқа шығып, көлікті айналып өтіп, кетіп қалыпты.
Дөрекі жүргізушінің қылығын тәртіп сақшылары да тексеріпті.
Оқиға 23 маусымда орын алған екен.