Желідегі сурет: Асқар Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен не үшін кездесті

688

Әлеуметтік желілерде экс-шенеуніктердің бірге мейрамханада отырған суреті қызу талқыланып жатыр. 

Желідегі сурет: Асқар Мамин Нығматулин және Жақсыбековпен не үшін кездесті

Үкіметтің бұрынғы басшысы Асқар Мамин Нұрлан Нығматуллин және Әділбек Жақсыбековпен түскен суретке қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

Экс-премьердің айтуынша, 4 қыркүйекте түскі ас уақытында Елордадағы мейрамханалардың бірінде оның жақын туыстары "Сырға салу" рәсімін өткізген. 

"Кейбір БАҚ-та суретке қатысты айтылған болжамдарды орынсыз әрі арандатушылық деп есептеймін. Еліміз бүгінде саяси трансформациямен қатар, дамудың тарихи кезеңінде тұр. Біз мұндай жауапты уақытта Мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен теріс пиғылды адамдарға ешқандай да мүмкіндік бермеуіміз керек деп ойлаймын", - деді Асқар Мамин.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Мамин, Нығматулин және Жақсыбековтің мейрамханада отырған суреті кең тарады. Желі қолданушылары олардың алдағы сайлауда президенттікке "өз жақтарынан" кім үміткер болатынын талқылап жатыр деп болжам жасаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу